$ 512.83  600.58  6.36
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкентте сарбаздың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды

Жас жігіттің жүрегі тоқтап қалған

Шымкентте сарбаздың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: © istockphoto.com

Шымкент қаласындағы ауруханалардың бірінде мерзімді қызметтегі сарбаз кенеттен қайтыс болды. Ұлттық ұланның баспасөз қызметі жас жігіттің жүрегі тоқтап қалғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Дәрігерлер бақылауында болған

Қайтыс болған сарбаз әскер қатарына Жамбыл облысы, Тараз қаласынан шақырылған. Мәліметтерге қарағанда, ол қызмет барысында денсаулығына байланысты бірнеше рет медициналық көмекке жүгінген.

Сарбаз Шымкенттегі емдеу мекемелерінде мамандардың бақылауында болып, тиісті зерттеулерден өткен.

2026 жылдың 6 қаңтарында сарбаздың жүрегі кенеттен тоқтап қалған. Дәрігерлер жансақтау шараларын жүргізгенімен, оны аман алып қалу мүмкін болмады.

Өлімнің алдын ала себебі анықталды

Мамандардың алдын ала болжамы бойынша, өлімге «жіті лейкоз» (қан обыры) дерті себеп болуы мүмкін. Дерттің кенеттен асқынуы организмнің жұмысына кері әсер еткен.

Қылмыстық іс қозғалды

Аталған факт бойынша Әскери-тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр, оқиғаның барлық жағдайлары мұқият тексеріледі.

«Жағдай Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысының жеке бақылауында. Ұлттық ұлан қолбасшылығы мен жеке құрамы сарбаздың туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», — делінген ресми хабарламада.

Серіктес жаңалықтары