$ 512.83  600.58  6.36
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтауда ана мен екі бала мысықтың арқасында өрттен аман қалды

Үй жануары дер кезінде дабыл қаққан

Ақтауда ана мен екі бала мысықтың арқасында өрттен аман қалды
Фото: ТЖМ

Ақтаудағы 4-шағынауданда орналасқан көпқабатты үйлердің бірінде жылытқышты дұрыс қолданбау салдарынан өрт шықты. Пәтерде анасы мен екі кішкентай баласы болған. Қайғылы жағдайдың алдын алуға мысықтың дер кезінде дабыл қағуы себеп болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Өртбарлығы ұйықтап жатқанда шыққан

Оқиға таңға жуық болған. Үй иесінің айтуынша, ол балаларға бірнеше рет өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіргенімен, кіші баласы жылытқышты өздігінен қосып жіберген. Құрылғы ұзартқышқа жалғанған, бұл жағдай өрттің тұтануына әкелген.

Мамандардың айтуынша, электр жылытқыштарын ұзартқышқа қосуға болмайды. Себебі оның сымының қимасы мұндай қуатты құрылғыларға есептелмеген.

Мысықтың әрекеті шешуші рөл атқарды

Өрттің ең қауіпті сәтінде мысық түтінді бірінші болып сезіп, мазасызданып, балаларды оятқан. Олар электр есептегіштен негізгі ажыратқышты тауып, токты өшіріп, өртті су құйып сөндіріп үлгерген. Бұл кезде анасы әлі оянып үлгермеген.

Зардап шеккендер жоқ

Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ, алайда пәтердегі кейбір заттар зақымданған. Әйел бұл оқиғаны жұртқа әдейі жариялағанын айтады. Себебі үйде жылытуға қатысты мәселелер әлі де шешілмеген, ал тұрғындар амалсыздан электр жылытқыштарын қолдануға мәжбүр.

Мамандар өрт қауіпсіздігіне мұқият болуға шақырды

Қала тұрғындары бұл жағдайдан кейін өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға және электр құралдарын қолданғанда барынша абай болуға үндеп отыр.

Мамандар да балаларды қараусыз қалдырмауға және электр жылытқыштарын қауіпсіз талаптарға сай пайдалануға шақырады.

Серіктес жаңалықтары