$ 512.83  600.58  6.36
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Дауылды ескерту сақталады: 6 қаңтарда ауа райы қандай болады

«Қазгидромет» РМК ауа райы болжамын ұсынады

Дауылды ескерту сақталады: 6 қаңтарда ауа райы қандай болады
Фото: istockphoto.com

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыс бағыттан солтүтсік-батысқа ауысады, облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Алматы қаласында түнде және таңертең кей уақытта тұман күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Дауылды ескертулер күтіледі:

Астанада қар, бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с.

Шымкентте кей уақыттарда тұман күтіледі.

Қостанай облысында түнде қар, бұрқасын, көктайғақ, облыстың солтүстігінде, батысында қатты қар, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде 15-20 м/с, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысында қар, бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с.                                                                  

Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын, түнде облыстың батысында қатты қар күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ, облыстың шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с.

Павлодар облысында қар, бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың батысында 23-28 м/с.

Абай облысының батысында, солтүстігінде қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.

Күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, облыстың солтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с.

Күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, орталығында қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысып соғады, түнде облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі.

Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

Серіктес жаңалықтары