06.01.2026, 00:30
Жаңалықтар
Астанада жүк көлігі өртке оранды
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда
Фото: Видео скриншоты
Астана қаласының Нұра ауданында Ш.Айтматов пен Сығанақ көшелерінің қиылысында жүк көлігі өртенді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға туралы хабар түскен бойда ТЖМ бөлімшелері жедел түрде оқиға орнына жетті.
«Өрт сөндірушілер келген кезде жүк көлігінің кабинасы ашық жалынмен жанып жатқан. Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында өрт толықтай сөндірілді», - делінген ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми аккаунтында.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды
06.10.2026, 22:44
Оба індеті: Ресей ДДСҰ-ға маңызды мәлімдеме жасады
06.10.2026, 20:21
Қайтадан қар жауып, үсік түседі: 7 қазанға ауа райы болжамы