05.01.2026, 21:22
Жаңалықтар
Астанада Alphard жүргізушісі аялдаманы тас-талқан етті
Мүлікке келтірілген залал заңнамада белгіленген тәртіппен өндіріледі
Фото: Видео скриншоты
Оқиға Орталық саябаққа жақын жерде болған.Toyota Alphard көлігінің жүргізушісі артқа шегінген уақытта педальдарды шатастырып алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Астана қаласының Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Соққы салдарынан шыны аялдама толықтай қирады. Мүлікке келтірілген залал заңнамада белгіленген тәртіппен өндіріледі.
Оқиға кезінде аялдамада адамдар болмаған, зардап шеккендер тіркелмеді. Полиция оқиға фактісі бойынша әкімшілік хаттама рәсімдеп, автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.
Полиция департаменті жүргізушілерге көлік құралын басқару кезінде, әсіресе демалыс аймақтарында және адамдар көп жиналатын орындарда, барынша мұқият болу қажеттігін ескертеді.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды
06.10.2026, 22:44
Оба індеті: Ресей ДДСҰ-ға маңызды мәлімдеме жасады
06.10.2026, 20:21
Қайтадан қар жауып, үсік түседі: 7 қазанға ауа райы болжамы