$ 512.83  600.58  6.36
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақ футболының аңызы Марат Есмұратов өмірден өтті

Қазақстан құрамасының танымал қорғаушысы болған футболшы 64 жасында дүние салды

Қазақ футболының аңызы Марат Есмұратов өмірден өтті
Фото: instagram.com/fckaysar_official/

Бүгін, 5 қаңтар күні Қызылордалық «Қайсар» және Қазақстан құрамасының бұрынғы қорғаушысы Марат Есмұратов 64 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

«Қайсар» футбол клубының аңыз ойыншысы Есмұратов Марат Жалғасұлының мезгілсіз дүниеден өтуіне байланысты марқұмның отбасымен, жақындарына қайғыра көңіл айтамыз», - деп жазды «Қайсар» ФК ресми парақшасында.

Марат Жалғасұлы ең алғаш 1979 жылы Сырдың бас командасы «Мелиоратор» сапында кәсіби мансабын бастап, ұзақ жылдар бойы «Қайсардың» негізгі ойыншысы болды.

«1999 жылы Қызылордаға алғашқы трофей Қазақстан кубогын сыйлауға өз үлесін қосты. Клубтың құрылымында қызмет етіп, шәкірт тәрбиелеу жолында еселі еңбек етті»,- делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары