$ 505.53  593.44  6.34
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

2 қаңтарда қай жолдар ашық, қай трасса жабық

Қауіпсіздік үшін алыс сапарлардан уақытша бас тартқан жөн

2 қаңтарда қай жолдар ашық, қай трасса жабық
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

2 қаңтар таңындағы жағдай бойынша Қазақстанның бірқатар өңірінде жол қозғалысына шектеулер енгізілді, ал кей бағыттарда керісінше қозғалыс қайта жанданды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қозғалыс қалпына келген республикалық трассалар

Ұлттық компанияның мәліметінше, сағат 08:00-ден бастап бірқатар автожолда жылдамдық режимі қайтадан 110 км/сағ-қа дейін арттырылды.

Ақмола облысы

KAZ02 «Астана – Көкшетау (айналма) – Петропавл – РФ шекарасы» 18–232 шақырым аралығы;

KAZ01 «Астана – Қарағанды – Алматы» 30–92 шақырым, Жібек Жолы кенті – Анар станциясы аралығы.

Қарағанды облысы

KAZ01 «Астана – Қарағанды – Алматы» 92–164 шақырым, Анар станциясы – Теміртау қаласы аралығы.

Таулы аймақтағы қозғалысқа шектеу

Қиын метеожағдайға байланысты Шығыс Қазақстан облысында Осинов асуында жартылай шектеу сақталып отыр.

«Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолы 46–66 шақырым, Северное ауылы – Серебрянск қаласы аралығы.

Тіркемесі бар жүк көліктеріне қозғалысқа тыйым салынған. Шектеу қыс мезгілі толық аяқталғанға дейін жалғасады.

Толық жабылған жол учаскелері

Жамбыл облысы

Қатты жел, қалың тұман және көрінудің нашарлауына байланысты 1 қаңтар күні сағат 19:20-дан бастап барлық көлік түріне қозғалыс тоқтатылды:

«РФ шекарасы – Мартук – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас»

159–238 шақырым, Қордай асуының жаңа айналма жолы (Кенен – Қайнар ауылдары). Қозғалыс уақытша ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асуда.

Жолды ашудың болжамды уақыты – 2 қаңтар, сағат 09:00.

Павлодар облысы

«Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы «Қалқаман» жол айрығы көпір конструкциясының зақымдануына байланысты Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығу жабық.

Жүргізушілерге ескерту

Мамандар жүргізушілерге жолға шығар алдында ауа райы болжамын және ресми ақпаратты тексеруге кеңес береді.

Қауіпсіздік үшін алыс сапарлардан уақытша бас тартқан жөн.

Жол жағдайы ауа райына байланысты жедел өзгеруі мүмкін.

Серіктес жаңалықтары