$ 505.53  593.44  6.34
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жұлдыз Әбдікәрімова мен Қайрат Нұртас жаңа жылды бірге қарсы алды

Жұлдызды жұп отбасылық видео жариялады

Қазақстандық актриса әрі блогер Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа жыл мерекесіндегі отбасылық видеосын өзінің әлеуметтік парақшасына жариялап, балаларына жаңа жылда жылы лебізін білдірді, - деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Балаларыма:

Сен Жаратқанның Сүйікті Жаратылысысың.

Ештеңеге қызықпа, ешкіммен өзіңді салыстырма.

Барға шүкір, жоққа қанағат.

Өткен жылға ризашылықпен қарап, келер жылға жаңа жоспар құрайық», - деді актриса.

Сондай-ақ, жаңа жылқы жылы қазақстандықтар үшін де жайлы жыл болатынын жеткізді.

«Жылқы жылы біздің ел үшін берекелі болары хақ. Себебі қазақтың мінезі де сәйгүлік сипатты, ұлт үшін киелі жануар. Қашанда тек жақсылыққа, молшылыққа жорылған жыл. Біз қолдан келгенше қолдауға, қорғауға тырысамыз. Ал таңдау тек өздеріңде екенін білгейсіңдер», - деп жазды актриса желідегі парақшасында.

Желі қолданушылары жұлдызды жұпқа бақыт тіледі.

Серіктес жаңалықтары