$ 504.6  594.27  6.48
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Әнші емеспін»: Ұлықпан Жолдасов «Тамашадан» алдырып тастаған әні туралы айтты

Ол конкурстарға қатысатын, биік дауыста айтатын, диапазоны кең өнерпаздарды ғана әнші деп айтатынын атап өтті

«Әнші емеспін»: Ұлықпан Жолдасов «Тамашадан» алдырып тастаған әні туралы айтты
Фото: видеодан скриншот

Ұлықпан Жолдасов Qazaqstan арнасындағы «Бәрекелді!» бағдарламасында неліктен өзін әнші деп есептемейтінін түсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол конкурстарға қатысатын, биік дауыста айтатын, диапазоны кең өнерпаздарды ғана әнші деп айтатынын атап өтті.

«Ал менің кішкентай ғана қоңыр дауысым бар. Қарапайым адамнан айырмашылығым, әнді таңдай аламын. Гитара қосылғандықтан халыққа жақсы өтті. Әйтпесе шетелге таныстыратындай мықты әнші емеспін. Мен орындаушымын. Кезінде «Тамашада» орындаған әнімді қайта қарап шығып, «жоқ, бұл менің әнім емес» деп, Ұлықпан Есенов ағамызға айтып, эфирден алдырып тастаған кездерім болды. Себебі ән маған сай келмеді», - деді өнер иесі.

Еске сала кетейік, бұған дейін актриса Айгүл Иманбаева Instagram парақшасында әнші Ұлықпан Жолдасовтың ешқашан қартаймайтынын айтып қалжыңдаған болатын.

«Бұл жалғанда қартаймайтын бір адам бар. Ол – Ұлықпан Жолдасов. Не шашы түспейді, не әжім түспейді. Не бойы қысқармайды, не өспейді. Тек қана терлейді», - деді актриса әріптесін нұсқап.

Ұлықпан Жолдасов мұндай «қошеметті» күтпесе керек, дереу камераға қолын созып: «берші, телефонды, еййй, қасқа-аййй», - деп әріптестерін күлдірді.

 

 

Серіктес жаңалықтары