$ 504.6  594.27  6.48
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қостанай облысында өрттен 5 жастағы бала көз жұмды

Өрт жеке тұрғын үйде шыққан

Қостанай облысында өрттен 5 жастағы бала көз жұмды
Фото: istockphoto.com

Қостанай облысының Меңдіқара ауданында жеке тұрғын үйде болған өрт салдарынан бала көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Alau.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 24 желтоқсанда Боровское ауылындағы жеке тұрғын үйде болған. Өрт туралы хабар 101 жедел қызмет пультіне түскен.

ТЖМ қызметкерлері оқиға орнына жеті минут ішінде жеткен. Құтқарушылар келгенге дейін үй иесі түтінге толған үйден екі баланы сыртқа алып шыққан.

Балалардың бірі орталық аудандық ауруханаға жеткізіліп, оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Ал екінші бала жедел жәрдем келген сәтте қимыл-қозғалыссыз жатқан. Қаза тапқан баланың 2020 жылы туғаны хабарланды.

Бала өлімі фактісі бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды, өрттің мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

 

Серіктес жаңалықтары