Қызылорда облысында әкесін боқтаған ер адам соттан бір-ақ шықты
Оған қатысты сот отырысы өтті
Қызылорда облысының Жалағаш аудандық соты отбасындағы тыныштықты бірнеше рет бұзған азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Іс материалдарына сәйкес, ер адам мас күйде үйіне барып, әкесіне дөрекі сөздер айтқан. Осылайша, отбасының тыныштығын бұзған. Аталған құқық бұзушылық бұған дейін әкімшілік жаза қолданылғанына қарамастан, бір жыл ішінде қайта қайталанған.
Сот отырысында ол өз кінәсін толық мойындап, әкесінен кешірім сұрағанын және мұндай әрекеттерді енді қайталамайтынын мәлімдеді.
Сот шешімімен ер адам Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 40 сағат қоғамдық жұмыс түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.