$ 504.6  594.27  6.48
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Заңның күші: Қазақстанда ұстаздарға әкіреңдейтіндердің қатары сап тыйылды

Соңғы үш жылда ұстаздарға қатысты 38 мәрте заң бұзылған

Заңның күші: Қазақстанда ұстаздарға әкіреңдейтіндердің қатары сап тыйылды
Фото: istockphoto.com

Елімізде «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданғаннан бері ұстаздардың құқықтарын бұзу фактілері үш есе азайды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Серік Әшіров мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

2020-2025 жылдар аралығында педагогтердің құқықтарын бұзуға қатысты тіркелген деректер саны айтарлықтай қысқарған. Атап айтқанда, заң қабылданғаннан кейінгі соңғы алты жылда педагогтердің құқықтарын бұзу фактілері үш есеге азайды. Бұзушылықтардың басым бөлігі заң қабылданған алғашқы жылдары тіркелді. Мысалы 2020-2022 жылдары 111 бұзушылық деректері ресми түрде тіркелсе, соңғы үш жылда бұл көрсеткіш 38-ге дейін азайған.

«Бұл – «Педагог мәртебесі туралы» заң талаптарының нақты іске асырылып жатқанын көрсетеді. Осы бағыттағы жұмыстарды күшейту мақсатында комитет және оның аумақтық департаменттері прокуратура органдарымен бірлесе отырып нақты фактілерге жедел әрекет ететін болады», – дейді Серік Әшіров.

Атап өту керек, педагогтердің құқықтарын бұзушылықтарға қатысты жиі кездесетін жағдайлар – педагогтердің кәсіби міндетіне жатпайтын жұмыстарға тарту, педагогтің ар-намысына тию, концерт билеттерін сатып алуға немесе түрлі іс-шараларға қатысуға мәжбүрлеу.

Сондай-ақ педагогке құрметсіздік таныту, оның ішінде әлеуметтік желілер мен масс-медиа арқылы ар-намысына нұқсан келтіру деректері бойынша оқушылардың ата-аналарына қатысты 12 әкімшілік іс қозғалған.

Серіктес жаңалықтары