Алматыда ер адам көшеде кетіп бара жатқан бейтаныс адамды еш себепсіз ұрып жыққан (ВИДЕО)
Алматы облысында ер адам себепсіз соққыға жығылды, іс сотқа жетпеген
Алматыда ер адам көшеде кетіп бара жатқан бейтаныс адамды еш себепсіз ұрып тастағаны белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Зардап шеккен азаматтың айтуынша, оқиға қыркүйек айында Құлжа тасжолында жол-көлік оқиғасынан кейін болған. Апатқа қатысы жоқ белгісіз ер адам еш себепсіз оны соққыға жығып, оқиға орнынан қашып кеткен. Жәбірленуші ауруханаға жеткізілген.
Ер адамның сөзінше, күдікті сол күні ұсталғанымен, кейін босатылған. Оқиғадан бері шамамен үш айға жуық уақыт өтсе де, нақты шаралар қабылданбағанын алға тартып отыр.
Желідегі мәліметке сүйенсек, полиция аталған дерек бойынша бұзақылық бабы негізінде қылмыстық іс тіркелген. Қазіргі таңда барлық тергеу әрекеті аяқталып, іс материалдары жақын арада сотқа жолданатын болады.