26.12.2025, 09:17
Жаңалықтар
Қазақстанның 13 облысындағы тасжол жүргізушілер үшін қауіпті: ескерту жасалды
Республикалық автожолдардағы ауа райы туралы мәлімет жарияланды
Фото: ЖИ арқылы жасалды/ChatGPT
«ҚазАвтоЖол» бірқатар өңірдің тасжолында қар аралас жаңбыр жауатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Компанияның мәліметінше, 26 желтоқсанда Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе, Ұлытау, Қызылорда, Түркістан, Батыс Қазақстан, Алматы, Жетісу, Жамбыл, Абай және Павлодар облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр мен қар күтілуде.
Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз.
«1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады», – делінген хабарламада.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді