$ 511  602.72  6.49
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Баку AZAL трагедиясы бойынша өтемақы төленіп, кінәлілердің жазаланғанын күтеді - Әзербайжан елшісі

Бүгін ұшақ апатынан бері тура бір жыл өтті

Баку AZAL трагедиясы бойынша өтемақы төленіп, кінәлілердің жазаланғанын күтеді - Әзербайжан елшісі
Фото: gov.kz

2025 жылы Баку мен Мәскеу арасындағы қарым-қатынастар 2024 жылғы желтоқсанда AZAL әуе компаниясының Embraer 190 ұшағы апатқа ұшырағаннан кейінгі шиеленіске қарамастан, іс жүзінде барлық бағытта табысты дамыды. Бұл туралы Әзербайжанның Ресейдегі елшісі Рахман Мұстафаев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бүгінде екіжақты қарым-қатынастардағы басты мәселе – өткен жылғы желтоқсандағы трагедияға байланысты барлық сұрақтарды мүмкіндігінше тез әрі әділ түрде шешу», – деді ол.

Мұстафаевтың айтуынша, Баку өткен жылғы желтоқсанда болған апат бойынша тергеудің аяқталуын күтіп отыр және өтемақының тез арада төленуіне, сондай-ақ кінәлілердің жауапкершілікке тартылуына үміт артады.

«9 қазанда Душанбеде жасалған мәлімдемелер мен қол жеткізілген келісімдер осы бағыттағы маңызды қадам», – деп атап өтті елші.

9 қазанда Ресей мен Әзербайжан президенттері Владимир Путин мен Ильхам Әлиев Душанбеде трагедиядан кейінгі алғашқы екіжақты кездесу өткізді. Ресей президенті болған оқиғаның себептеріне қатысты бірқатар маңызды жайттарды айтты.

Еске салайық, AZAL әуе компаниясына тиесілі Embraer 190 ұшағы Баку – Грозный бағыты бойынша рейс орындау кезінде 2024 жылғы 25 желтоқсан күні таңертең Ақтау маңында апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 67 адам болған, олардың 38-і қаза тапты.

Серіктес жаңалықтары