21.12.2025, 06:19
Жаңалықтар
Қазақстан ұлттық құрамасынан қуылған экс-бапкер ҚПЛ клубының тізгінін ұстады
Команданың баспасөз қызметі ресми мәлімдеме жасады
Фото: Instagram.com/jenisfk.kz
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Әли Әлиев ҚПЛ клубының жаттықтырушысы болып тағайындалды Azattyq Rýhy.
«Елордалық «Жеңіс» футбол клубының тізгінін тәжірибелі маман Әли Әлиев ұстады. Әли Әлиев өзінің мінезімен, тактикалық шеберлігімен және қазақстандық футболдағы үлкен тәжірибесімен белгілі. Біз бапкерімізбен бірге жаңа белестерді бағындыруға және жанкүйерлерімізді жарқын жеңістермен қуантуға дайынбыз», - делінген хабарламада.
Команданың баспасөз қызметі «Жеңістің» алдағы жоспары туралы жазып өтті.
«Біздің ортақ мақсатымыз – «Жеңістің» даңқын асыру. Бапкерге сәттілік пен толағай табыстар тілейміз!» - дейді клубтың баспасөз қызметі.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді