$ 517.66  606.49  6.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда жоғалып кеткен 18 жастағы бойжеткеннің мәйіті таудан табылды

Осыған дейін әлеуметтік желіде жоғалып кеткен қыз бала туралы ақпарат жарияланған

Алматыда жоғалып кеткен 18 жастағы бойжеткеннің мәйіті таудан табылды
Фото: istockphoto.com

Алматыда құтқару қызметі Букреев шыңы маңында жоғалып кеткен бойжеткеннің мәйітін тапты. Бұл туралы курорттың ресми мәлімдемесінде хабарланды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Мәлімдемеде айтылғандай, марқұмның жеке басы қажетті сараптамалар аяқталғаннан кейін түпкілікті анықталатын болады.

«Оқиға курорт аумағынан тыс жерде, жабдықталған трассалардан және біздің жауапкершілік аймағымыздан тыс аумақта болды. Қыз бала таулы аймаққа өз бетінше, жалғыз өзі шыққан, құтқару қызметіне тіркелмеген және қасында ешкім болмаған», – делінген хабарламада.

Осыған дейін әлеуметтік желіде жоғалып кеткен қыз бала туралы ақпарат жарияланып, оны іздеуге көмектесуге шақырған болатын.

Курорт әкімшілігі қаза тапқан қыз баланың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, сондай-ақ таулы аймақтарда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау, белгіленген бағыттардан шықпау және тауға жалғыз бармау қажеттігін еске салды.

Серіктес жаңалықтары