Бұрқасын соғады, қар жауады: 18 желтоқсанда ауа райы қандай болады
Кейбір өңірлерде тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжанып отыр
Синоптиктер 18 желтоқсанға жасалған ауа райы болжамын жариялады. Еліміздің басым аумағында қар жауып, бұрқасын соғады, тұман түсіп, көктайғақ болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астана қаласында көшпелі бұлт шығады, кей уақытта аздаған қар жауады, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде 16–18, күндіз 12–14 градус аяз болады.
Ақмола облысында аздаған қар жауады, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан 9–14 м/с, облыстың шығысында 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде 16–21, күндіз 10–15 градус аяз болады.
Алматы облысының оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, таулы аудандарда қар жауады, күндіз кей уақытта қалың қар жауады. Оңтүстігінде көктайғақ болады, тұман түседі. Солтүстік-батыстан және батыстан 9–14 м/с, оңтүстігінде 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Алматы қаласында көшпелі бұлт шығады, кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, көктайғақ болады, тұман түседі. Солтүстік-батыстан 2–7 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Жетісу облысында түнде шығысында және таулы аудандарда қар жауады, орталығында аздаған қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Батыстан 9–14 м/с, күндіз облыстың шығысында 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Түркістан облысының оңтүстігінде қар жауады, жаяу бұрқасын соғады, таулы аудандарда түннің бірінші жартысында қалың қар жауады. Батысы мен оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан 9–14 м/с, облыстың оңтүстігінде 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Шымкент қаласында көшпелі бұлт шығады, кей уақытта қар жауады, тұман түседі. Солтүстік-шығыстан 8–13 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Батыс Қазақстан облысында солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-батысында қар жауады, күндіз жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с, облыстың солтүстігі, шығысы және оңтүстік-батысында 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Атырау облысында түнде солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде қар жауады, күндіз шығысында жауын-шашын (қар, жаңбыр) түседі. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 7–12 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Маңғыстау облысында батысында, солтүстік-шығысында және орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Солтүстік-шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Ақтөбе облысында батысында, солтүстігінде және шығысында қар жауады, жаяу бұрқасын соғады, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан 7–12 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Қостанай облысында түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында қар жауады, жаяу бұрқасын соғады, батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан 9–14 м/с, облыстың солтүстігі мен шығысында 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде батысы, оңтүстігі және шығысында қар жауады, жаяу бұрқасын соғады, солтүстігінде аздаған қар түседі. Батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан 9–14 м/с, күндіз оңтүстігі мен шығысында 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Павлодар облысында күндіз солтүстігі мен шығысында аздаған қар жауады. Оңтүстік-батыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Қарағанды облысында таңертең және күндіз аздаған қар жауады, жаяу бұрқасын соғады, түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Ұлытау облысында күндіз шығысында аздаған қар жауады. Оңтүстік-батыстан және батыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Шығыс Қазақстан облысында солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде қар жауады, жаяу бұрқасын соғады, кей жерлерде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, 9–14 м/с, облыстың оңтүстік-шығысында 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады, аяз болады.
Абай облысында солтүстігі, шығысы және орталығында қар жауады, жаяу бұрқасын соғады, кей жерлерде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, 9–14 м/с, күндіз облыстың оңтүстігі мен орталығында 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Қызылорда облысында жауын-шашын болмайды, орталығында тұман түседі. Солтүстік-батыстан 5–10 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Жамбыл облысында түнде оңтүстігі мен таулы аудандарында қар жауады, жаяу бұрқасын соғады. Күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, кей жерлерде көктайғақ болады, тұман түседі. Солтүстік-батыстан 9–14 м/с, таулы аудандарда 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады.