$ 513.55  602.09  6.42
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Еліміздің 14 өңірінде дабылды ескерту жарияланды

Жаяу бұрқасын соғады, қар жауады, көктайғақ болады 

Еліміздің 14 өңірінде дабылды ескерту жарияланды
Фото: istockphoto.com

Синоптиктер Қазақстанның 14 өңірінде 18 желтоқсанда дабылды ескерту жариялады. Қар жауып, көктайғақ болады, бұрқасын соғып, тұман түседі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Ақмола облысында қар жауады, жаяу бұрқасын соғады. 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысында қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Батысында тұман түседі. 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең қар жауып, бұрқасын соғады. Батысы мен солтүстігінде тұман түседі. 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Қарағанды облысының батысы, солтүстігі және шығысында күндіз қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде қар жауып, бұрқасын соғады. Түнде және таңертең солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түседі. 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Алматы облысының таулы аймақтарында күндіз кей уақытта қар жауады, көктайғақ болады, тұман түседі. 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады.  

Жетісу облысының орталығы мен таулы аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады. 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады.  

Жамбыл облысында қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, кей уақытта тұман түсіп, көктайғақ болады. 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Түркістан облысының таулы аймақтарында түннің бірінші жартысында қатты қар жауады. Оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Батысы мен оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады. 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Шымкентте тұман түседі.

Қызылорда облысының орталығында тұман түседі.

Ақтөбе облысының батысы, солтүстігі және шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстігінде тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігі, шығысы және оңтүстік-батысында күндіз қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Атырау облысының оңтүстігі мен шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады.  

Серіктес жаңалықтары