$ 519.61  610.13  6.54
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қар жауып, көктайғақ болады: елімізде 16 желтоқсанда ауа райы қандай болады

Қазақстанның басым бөлігінде бұрқасын сақталады

Қар жауып, көктайғақ болады: елімізде 16 желтоқсанда ауа райы қандай болады
Фото: istockphoto.com

Синоптиктер 16 желтоқсанға жасалған ауа райы болжамын жариялады. Еліміздің басым аумағында қар жауып, бұрқасын соғады, тұман түсіп, көктайғақ болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап. 

Астана қаласында ауа райы бұлтты. Қар жауады, бұрқасын соғады, жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 25 м/с-ке жетеді. Түнде және күндіз 9–11 градус аяз болады.

Ақмола облысында қар жауады, бұрқасын соғады, жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады, батысында, солтүстігінде және шығысында екпіні 23–28 м/с. Түнде және күндіз 9–14 градус аяз болады.

Алматы облысында түнде және таңертең қар жауады, көктайғақ болады. Солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-батыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде 15–20 м/с. Түнде 4–9, таулы аудандарда 13–18 градус аяз болады.

Алматы қаласында көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан 2–7 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде 4–6 градус аяз болады, күндіз 1–3 градус жылы болады.

Жетісу облысының таулы аудандарында қар жауады, жаяу бұрқасын соғады. Түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады, шығысында 15–20 м/с. Түнде 5–10, шығысында 15 градус аяз болады, күндіз 1 градус аяз-4 градус жылы болады.

Түркістан облысында түнде қар жауады, күндіз жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады, тұман түседі. Солтүстік-шығыстан 8–13 м/с жылдамдықпен жел соғады, таулы аудандарында 15–20 м/с. Түнде 2–7, солтүстігінде 10 градус аяз болады, күндіз 3–8 градус жылы болады.

Шымкент қаласында көшпелі бұлт шығады. Күннің екінші жартысында жауын-шашын, көктайғақ болады, кей уақытта тұман түседі. Солтүстік-шығыстан 8–13 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде 2–4 градус аяз болады, күндіз 3–5 градус жылы болады.

Батыс Қазақстан облысында қар жауады, жаяу бұрқасын соғады. Солтүстік-батыстан және батыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 15–20 м/с. Түнде 12–17, батысында 9 градус , күндіз 7–12 градус аяз болады.

Атырау облысында жауын-шашын болмайды. Кей жерлерде тұман түседі. Батыстан және солтүстік-батыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде 10–15, күндіз 4–9 градус аяз болады.

Маңғыстау облысында түнде қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан 7–12 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде 1–6, солтүстік-шығысында 11–16 градус аяз болады, күндіз 1 градус аяз-4 градус жылыболады.

Ақтөбе облысында қар жауады, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан және батыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 15–20 м/с. Түнде және күндіз 10–15 градус аяз болады.

Қостанай облысында қар жауады, бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан және батыстан 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 23–28 м/с. Түнде және күндіз 9–14, кей жерлерде 17 градус аяз болады.

Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады, бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан және батыстан 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 23–28 м/с. Түнде және күндіз 10–15, батысында 18 градус аяз болады.

Павлодар облысында қар жауады, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 15–20 м/с. Түнде және күндіз 8–13 градус аяз болады.

Қарағанды облысында қар жауады, бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде 20–23 м/с. Түнде 10–15 градус аяз болады, күндіз 5–10 градус аяз болады.

Ұлытау облысында қар жауады, бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 15–20 м/с. Түнде 6–11, солтүстігінде 14 градус аяз болады, күндіз 2–7 градус аяз болады.

Шығыс Қазақстан облысында қар жауады, жаяу бұрқасын соғады. Кей жерлерде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан және оңтүстіктен 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 23 м/с. Түнде 5–10, солтүстігінде 13 градус аяз болады, күндіз 4–9 градус аяз болады.

Абай облысында қар жауады, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстіктен және оңтүстік-батыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 25 м/с. Түнде 7–12, оңтүстігінде 4 градус аяз болады, күндіз 4–9 градус аяз болады.

Қызылорда облысында қар жауады, көктайғақ болады. Түнде бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан және батыстан 8–13 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 15–20 м/с. Түнде 5–10, солтүстігінде 13 градус аяз болады, күндіз 3 градус аяз-2 градус жылы.

Жамбыл облысында таулы аудандарда қар жауады, жаяу бұрқасын соғады. Кей уақытта тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады, таулы аудандарда 15–20 м/с. Түнде 1–6, солтүстігінде 10 градус аяз болады, күндіз 1–6 градус жылы болады.

Серіктес жаңалықтары