$ 520.02  608.79  6.57
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан БҰҰ-ның қайырымдылық жәрмеңкесіне қатысты

Ол жыл сайын өтетін іс-шара

Қазақстан БҰҰ-ның қайырымдылық жәрмеңкесіне қатысты
Фото: gov.kz

Қазақстанның тұрақты өкілдігі Біріккен ұлттар ұйымы әйелдер одағының (UNWG) ұйымдастыруымен Достастық сарайында өткен жыл сайынғы қайырымдылық жәрмеңкесіне қатысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

1976 жылдан бері жәрмеңке әлемнің осал балаларын қолдау сияқты ортақ мақсатпен түрлі ұлттар мен мәдениеттерді біріктіріп келеді. Өз тарихында ол Женевадағы халықаралық қауымдастық үшін ең маңызды қоғамдық іс-шаралардың біріне айналып, іс-шараға жыл сайын жүздеген қатысушылар жиналып жатыр.

ҚР Тұрақты өкілдігі ұлттық стендте қазақ шоколадтары, дәстүрлі құрт, сондай-ақ ұлттық сувенирлер, қолданбалы өнер бұйымдары және кітаптар сынды өнімдерді ұсынды.

Жәрмеңке Қазақстан мәдениетін насихаттау және Женевадағы халықаралық ортадағы мәдени өзара әрекетті нығайту үшін маңызды мүмкіндік болды. Жиналған қаражат әлемнің әртүрлі өңірлеріндегі балаларға көмектесетін қайырымдылық ұйымдарына берілді.

 

Серіктес жаңалықтары