Қазақстанның екі қаласының тұрғындарына ескерту жасалды
Ауадағы зиянды заттар көлемі артады
Қазақстанның екі қаласында 12 желтоқсан күні ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл құбылыс қолайсыз ауа райы факторларының қатар келуінен туындайды. Мұндай жағдайда зиянды заттар жерге жақын ауа қабатында шоғырланып, таралмай қалады.
«2025 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан аумағында қолайсыз метеожағдайлар Павлодар мен Алматы қалаларында күтіледі», – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
ҚМЖ деген не және ол неге қауіпті?
Қолайсыз метеожағдайлар (ҚМЖ) – ауа сапасының нашарлауына әсер ететін табиғи құбылыстар. Оларға:
- Тымық ауа,
- әлсіз жел,
- тұман,
- температуралық инверсия.
Бұл құбылыстар ауадағы ластаушы заттардың таралуына кедергі келтіріп, олардың шоғырлануына себеп болады. Нәтижесінде, әсіресе құрылысы тығыз салынып жатқан немесе өндіріс орындары көп аудандарда ауаның сапасы уақытша нашарлайды.