$ 520.02  608.79  6.57
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бірнеше адам реанимацияда жатыр: Алматы вокзалында уланған 52 адамның жағдайы белгілі болды

Оқиғаға қатысты денсаулық сақтау министрі ресми мәлімдеме жасады

Бірнеше адам реанимацияда жатыр: Алматы вокзалында уланған 52 адамның жағдайы белгілі болды
Фото: istockphoto.com

Алматы қаласындағы вокзалда 52 адамның уланып қалуына байланысты денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Министрдің мәліметінше, Алматыда пойызда табиғи газбен улану оқиғасы болды. Ол жерге жедел медициналық жәрдемнің 13 бригадасы жіберілді.

«Барлығы 53 адам, оның ішінде балалар зардап шекті. Олардың барлығы зерттеп-қарау және қажетті медициналық көмек алу үшін қалалық стационарлардың қабылдау бөлімшелеріне уақытылы жеткізілді.

Зерттеп-қарау қорытындысы бойынша 11 бала емдеуге жатқызылды. Екеуі реанимация бөлімшесінде, қалғандары мамандандырылған бөлімшелерде мамандардың бақылауында. Қалған зардап шеккендер қарап-тексеруден және көмек көрсетуден кейін тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық емделуге жіберілді», - дейді министр.

Ведомство басшысының айтуынша, емдеуге жатқызылған барлық пациентке қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр.

«Олардың жағдайы дәрігерлердің тұрақты бақылауында, қауіпсіздік пен тұрақты динамиканы қамтамасыз ету үшін барлық қажетті ресурстар тартылған.

Біз жағдайды мұқият қадағалап, қаланың медициналық ұйымдарымен байланыста боламыз. Зардап шеккендердің бәріне тезірек қалпына келуін тілеймін!» - деп жазды Ақмарал Әлназарова.

Айта кетейік, осыған дейін Алматы вокзалында 52 адам пойызда уланып қалғаны хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары