$ 518.39  603.09  6.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 16:36
Қоғам

Шұғыл: Алматы вокзалында 52 адам пойызда уланып қалды

Вагондарды киностудия жалға алған

Шұғыл: Алматы вокзалында 52 адам пойызда уланып қалды
Фото: Azattyq Rýhy

Алматы-2 теміржол вокзалында 52 адам иіс тиіп уланып қалған. Барлығы да қалалық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиға орнына жедел көмек көрсету үшін 13 бригада аттанған.

«Барлығы 52 адам зардап шеккен, олардың ішінде балалар да бар. Дәрігерлер қарағаннан кейін  10 бала ауруханаға жатқызылды, олардың екеуі реанимация бөлімінде, қалғандары профильді бөлімшелерде. Пациенттердің жағдайын дәрігерлер бақылап жатыр, оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде», - делінген хабарламада.

Ал қалған адамдар медициналық көмек алған соң үйлеріне амбулаторлық емге жіберілген.

ҚТЖ хабарлағандай, адамдар уланып қалған пойыз «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ға емес, жеке тасымалдаушыға тиесілі. Вагондар киностудияға түсірілім жасау үшін берілген.

Серіктес жаңалықтары