$ 520.02  608.79  6.57
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодар облысында нотариустердің коллекторлық агенттіктермен сөз байласып жасаған былығы анықталды

Салдарынан облыс тұрғындары заңсыз ақша өндіру және несие тарихының нашарлауы сияқты жағдайларға тап болды

Павлодар облысында нотариустердің коллекторлық агенттіктермен сөз байласып жасаған былығы анықталды
Фото: istockphoto.com

Павлодар облысында нотариустердің атқарушылық жазбаларды рәсімдеу кезінде заңды жаппай бұзғаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Атқарушылық жазба – талаптардың даусыз болған жағдайда ғана қолданылатын қарыз өндірудің жеңілдетілген тетігі. Оны рәсімдеу үшін борышкер өзінің міндеттемені орындамағанын жазбаша түрде мойындауы қажет, бұл факті нотариуспен куәландырылады.

Алайда тексеріс көрсеткендей, бұл талаптар жүйелі түрде еленбеген.

«Талдау барысында облыс аумағында екі нотариустің 20 мыңнан астам атқарушылық жазба жасағаны анықталды. Олардың біреуі 15 мыңнан астам жазбаны қандай да бір шартсыз, қарыздың есебінсіз және азаматтардың жазбаша қарыз мойындау хатынсыз рәсімдеген.

Мұндай құжаттарды жасау микроқаржы ұйымдарымен және коллекторлық агенттіктермен сөз байласу арқылы жүзеге асқан.

Нәтижесінде облыс тұрғындары заңсыз ақша өндіру және несие тарихының нашарлауы сияқты жағдайларға тап болды», – делінген прокуратура хабарламасында.

Заңсыз негізде атқарушылық жазбалардың жаппай жасалуы азаматтардың өз құқықтарын уақытылы қорғау мүмкіндігінен айырады.

Тексеріске сәйкес прокуратура ұсыным енгізіп, нотариустар лицензияларынан айырылды.

Серіктес жаңалықтары