$ 520.02  608.79  6.57
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

СҚО-да парақорлардан қайтарылған ақшаға 40-қа жуық әлеуметтік жоба жүзеге асып жатыр

Бірлік ауылында су құбырының құрылысы аяқталды

СҚО-да парақорлардан қайтарылған ақшаға 40-қа жуық әлеуметтік жоба жүзеге асып жатыр
Фото: istockphoto.com

Солтүстік Қазақстан облысының Бірлік ауылында жемқорлардан қайтарылған активтер есебінен ауыз суға қолжетімділік қамтамасыз етілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Солтүстік Қазақстан облысында мемлекетке қайтарылған активтерді пайдалана отырып, білім беру, денсаулық сақтау және коммуналдық шаруашылық салаларында 39 әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда.

Сондай жобалардың бірі ауыл тұрғындарын сапалы ауыз суға қолжетімділікпен қамтамасыз ету болды.

«Есіл ауданы Бірлік ауылында прокуратура органдары  қайтарған активтер есебінен жүзеге асырылған су құбырының құрылысы аяқталды.

Ашылу салтанатына аудан прокуроры Т.Салпықов, аудан әкімі М.Мұхамедьяров, қоғам өкілдері, ақсақалдар мен ауылдың құрметті тұрғындары қатысты.

Биыл желтоқсан айынан бастап су құбыры жұмыс істеп, тұрғындарды орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етуде.

Жобаны жүзеге асыру халықтың өмір сүру сапасын жақсарту және елді мекеннің тұрақты дамуы үшін жағдай жасаудағы маңызды қадам болды», – делінген прокуратура хабарламасында.

Облыс прокуратурасы мемлекетке қайтарылған активтер есебінен қаржыландырылатын әлеуметтік жобалардың жүзеге асырылуын бақылауды жалғастыруда.

Серіктес жаңалықтары