Kaspi Мейрамханалар: есепті жылдам төлеу және даяшыға шайпұл беру
Kaspi.kz «Kaspi Мейрамханалар» атты ыңғайлы жаңа сервисті іске қосты. Енді шотты төлеу үшін төлеу терминалын күтудің қажеті жоқ. Үздік Kaspi.kz қосымшасын ашып, үстелдегі QR-кодты сканерлеп, тапсырыс ақысын төлесеңіз болғаны, қаласаңыз, тікелей даяшыға шайпұл қалдыра аласыз.
Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі:
«Шотты төлеу үшін терминалды күтіп, бөлек шайпұл қалдыру үшін даяшыдан телефон нөмірін сұрайтын жағдайлар әркімде болған шығар. Біз қонақтарға кез келген уақытта тапсырысты ыңғайлы төлеуге және жақсы қызмет үшін алғыс ретінде шайпұл қалдыруға мүмкіндік беретін Kaspi Мейрамханалар сервисін жасадық. Сүйікті клиенттерімізге астары дәмді болуын тілейміз және бізбен бірге болғандарыңыз үшін алғыс айтамыз!».
Жаңа сервис сүйікті клиенттеріміздің ғана емес, мейрамханалардың да уақытын үнемдеуге көмектеседі. Енді даяшылар ақы қабылдауға уақыт жұмсамай, қонақтарға көбірек уақыт бөле алады. Kaspi Мейрамханалар сервисі қазірдің өзінде Қазақстан бойынша шамамен 800 мейрамхана мен дәмханада қолжетімді.
Kaspi.kz туралы
Kaspi.kz миссиясы – клиенттер мен серіктестердің өмірін жақсартатын инновациялық өнімдер мен қызметтер жасау. Инновациялардың орталығында – елдегі ең танымал мобильді суперқосымша Kaspi.kz. Оны шамамен 15 миллионға жуық қазақстандық пайдаланады, ол елдегі электронды сауда, төлем және қаржылық жетекші сервистерді қамтиды.
Kaspi.kz суперқосымшасы арқылы қазақстандықтар тегін жеткізу қызметі бар тиімді онлайн зат сатып алып, комиссиясыз төлемдер мен аударымдар жасайды, жеке қаржыларын басқарады, әуе және теміржол билеттерін сатып алады, турлар рәсімдейді және ең танымал мемлекеттік қызметтерді пайдаланады.
Kaspi.kz бизнес үшін де Kaspi Pay суперқосымшасын әзірледі, оны Қазақстандағы шамамен 700 мыңға жуық кәсіпкер пайдаланады. Kaspi Pay арқылы кәсіпкерлер бизнесін дамытуға қаржыландыру алады, төлем қабылдайды, жарнамалық науқандар жүргізеді, салық төлейді, электрондық сауда және жеткізу платформасына қосылады, оның көмегімен тауарларын бүкіл ел аумағында сатады.
Гарвард Бизнес мектебі Kaspi.kz туралы екі оқу материалын әзірледі, оны бірнеше жылдан бері магистратура студенттері оқып келеді.