$ 520.02  608.79  6.57
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жетісу облысында ер адам бір үйір жылқыны айдап әкетіп, сойып жатқан жерінен ұсталды

Түнгі уақытта белгісіз адамдар Бесағаш ауылының шетіндегі жайылымға кіріп, 11 жылқыны айдап әкеткен

Жетісу облысында ер адам бір үйір жылқыны айдап әкетіп, сойып жатқан жерінен ұсталды
Фото: Жетісу облысы ПД

Жетісу облысында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. нәтижесінде 9 жылқы иесіне қайтарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жетісу облысында полиция қызметкерлері Ескелді ауданында болған жылқы ұрлығын дер кезінде әшкерелеп, тағы бір ауыр қылмыстың жолын кесті.

Түнгі уақытта белгісіз адамдар Бесағаш ауылының шетіндегі жайылымға кіріп, 11 жылқыны айдап әкеткен. Келтірілген залал шамамен бес миллион теңгені құрады. Жедел жұмылдырылған тәртіп сақшыларының кәсібилігінің арқасында қылмыс қысқа мерзімде ашылды.

«Облыстық Криминалдық полиция басқармасы мен Ескелді аудандық полициясының бірлескен жедел тобы өңірде кешенді іс-шаралар жүргізді. Тінту барысында олар күдіктілердің ізіне түсіп, ұрланған малды сойып жатқан шаруа қожалығының аумағынан үш ер адамды ұстады.

Ұсталғандардың барлығы – Жетісу облысының тұрғындары. Арнайы операция кезінде полицейлер 9 жылқыны аман-есен тауып, ал екі жылқының еті қылмыскерлер тарапынан бөлшектеліп қойған.

Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасуда, олардың осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде», – делінген облыстық ПД хабарламасында.

Ұрланған жылқылар мен ет өнімдері иесіне толықтай қайтарылды.

Серіктес жаңалықтары