$ 518.39  603.09  6.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада жасөспірімдер автобус жүргізушісіне бұрыш балонын шашып кетті

№5 автобус ішінде жасөспірімдер апаттық балғаларды ұрламақ болды

Астанада жасөспірімдер автобус жүргізушісіне бұрыш балонын шашып кетті
Фото: istockphoto.com

Елордадағы №5 бағыттағы қоғамдық автобуста бір топ жасөспірім апаттық жағдайда терезені сындыруға арналған балғаларды ұрламақ болды. Олардың әрекетін байқап қалған жүргізуші көлікті тоқтатып, тәртіп бұзушыларды ұстап қалды. Алайда жасөспірімдердің бірі оның бетіне газ баллонын шашып, оқиға орнынан жасырынбақ болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астана қалалық Полиция департаменті мәлімдегендей, жасөспірімдердің тұлғалары анықталған.

«Қоғамдық автобус ішінде жүрген бір топ жасөспірім апаттық шығуға арналған балғаны бекіткішінен шешіп алып, өздерімен бірге алып кетпек болған. Оларды автобус жүргізушісі ұстап қалды, алайда полиция шақырылған сәтте жасөспірімдердің бірі жүргізушіге қарсы бұрышты газ баллонын қолданған», – деп хабарлады ведомство.

Кәмелетке толмағандардың ата-аналары балаларын дұрыс тәрбиелеп, бақыламағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары