$ 518.39  603.09  6.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы облысында екі көлік бетпе-бет соқтығысып, 4 адам тіл тартпай кетті

Қайғылы оқиға 5 желтоқсан күні болды

Алматы облысында екі көлік бетпе-бет соқтығысып, 4 адам тіл тартпай кетті
Фото: istockphoto.com

Алматы облысында екі көлік бетпе-бет соқтығысып, 4 адам оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 5 желтоқсан күні Алматы – Көкпек – Көктал – Шонжы автожолының 80-шақырымында орын алған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Audi A6 автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып, Nissan Cefiro көлігімен соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасының салдарынан екі жүргізуші мен екі жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Тағы үш жолаушы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауына алынған», – делінген облыстық ПД хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары