Қазақстанда коронавирус жұқтырған 256 адамның жағдайы өте ауыр – ДСМ

Дәрігерлер олардың өмірі үшін күні-түні күресіп жатыр

Қазақстанда коронавирус жұқтырған 256 адамның жағдайы өте ауыр – ДСМ
Фото: ашық дерек көздерінен

Денсаулық сақтау министрі Алекцей Цой Қазақстанда коронавирус жұқтырған адамдардың денсаулығы туралы айтты, деп хабарлайды Аzattyq ruhy тілшісі.

Ел бойынша covid-2019 инфекциясын ең көп жұқтырған адамдар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Атырау, БҚО, Қарағанды облыстарында  тұрады. Алексей Цой еске салып өткендей, соңғы бір күнде Қазақстанда КВИ жұқтырған 1509 адам тіркелді.

«Ең кө% п ауру тіркелген аймақ – Атырау облысы. Жалпы, Қазақстанда коронавирус жұқтырған адамдардың барлығын алып қарасақ, 41% профилактикалық тексеру кезінде, 38% ауырғандармен байланыста болған соң және 19% адам дәрігерлерге өзі келген кезде, вирус анықталды. 14003 адамның ауруы симптомсыз немесе жеңіл түрде, 13 мың адамның ауруы орташа ауыр түрде өтіп жатыр. Ал, 256 адамның жағдайы өте ауыр», - деп мәлім етті Алексей Цой.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.