Карантин режимін бұзған тұрғындарға 83 мың теңге айыппұл салынады
Жаңадан үкімет шешімі шықты

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов карантин режимін бұзған жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларға айыппұл салынатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.
«Карантин режимін бұзғандар үшін 30 МРП айыппұл салынады, жеке меншік нысандарға 230 МРП-дан жоғары салынады. Яғни жеке тұлғаларға 83 мың теңге, заңды тұлғаларға 600 мың теңгеден астам айыппұл салынады. Нәтиже бермеген жағдайда шектеу бойынша қосымша шаралар қолданылады»,-деді Тоғжанов.
Сондай-ақ, орынбасардың айтуынша, тамыз айында ПТР тест көбейеді.
«Шілде айының соңына дейін провизорлық орын саны 50% өсіп, 28 мыңнан 42 мыңға дейін жеткізілетін болады. Тамыз айына дейін ПТР тестпен қамту 30 мыңнан 39 мыңға дейін жеткізіледі»,-деп мәлімдеді ол Орталық коммуниациялар орталығында өткен брифингте.
Айжан Қалиева, Алматы