08.12.2025, 07:14
Жаңалықтар
Бурабайда газель мен жеңіл көлік соқтығысып, екі жасөспірім мен бір әйел адам зардап шекті
ТЖМ қызметкерлері жол-көлік оқиғасы кезінде әйел адамды құтқарып қалды
Фото: ҚР ТЖМ
Ақмола облысының Бурабай ауданына қарасты Ақылбай ауылының маңында екі жеңіл көлік соқтығысып, апат салдарынан екі жасөспірім және майысқан көлік құралында қысылып қалған жүргізуші әйел зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар гидравликалық құралдың көмегімен қатты зақымданған жүргізуші есігін ашып, зардап шеккен әйелді шығарып алды. Үшеуі де жедел медициналық жәрдем бригадасына табысталды.
«ТЖ туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз», - делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.
Көп оқылған
26.10.2026, 06:16
Алматыда екі аптаға жуық іздестірілген 42 жастағы ер адам өлі табылды
26.10.2026, 14:00
СІМ: Түркияда қазақстандық бойжеткен биіктен құлап қаза тапты
26.10.2026, 17:02
Жезқазғанда екі мас жүргізуші жолда жарыс ұйымдастырған (ВИДЕО)
26.10.2026, 07:22
Тұман, шаңды дауыл, көктайғақ: 26 қазанға арналған ауа райы болжамы
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды