$ 514.74  599.36  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанадағы медициналық туризм: шетелдік туристер 2-5 мың долларға емделіп кетеді

Былтыр Астанаға 4 500 медициналық турист келді

Астанадағы медициналық туризм: шетелдік туристер 2-5 мың долларға емделіп кетеді
Фото: istockphoto.com

Астанада медициналық туризм жыл санап дамып келеді. Қала әкімдігінің мәліметінше, ел астанасына келген шетелдік туристер 2-5 мың долларға емделіп кетеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қала әкімдігінің мәліметінше, Астанада халықаралық JCI аккредитациясы бар 9 қазақстандық клиниканың 7-еуі орналасқан. Бұл қаланы елдегі сапалы медицинаның ең ірі орталығы болуына мүмкіндік береді. 2024 жылы елордаға 4 500 медициналық турист келді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда екі есе көп, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Бүгінде Астана – заманауи инфрақұрылымы, озық технологиялары, білікті мамандары және қолжетімді бағалары бар қала. Бұл факторлар елорданы ТМД, Азия, Еуропа және Таяу Шығыс елдерінің пациенттері үшін тартымды етеді. Астана жоғары технологиялары, халықаралық стандарттары және қолайлы бағасы үшін қызықты ете түседі. Бірқатар бағыт бойынша бағалар Еуропа, Оңтүстік Корея немесе Түркия елдерімен салыстырғанда әлдеқайда төмен, бірақ қызмет сапасы сәйкес деңгейде.

Шетелдік пациенттер үшін Астанада орташа емделу құны 2-5 мың АҚШ долларын құрайды, бұл оны өңірдегі ең бәсекеге қабілетті медициналық дестинациялардың біріне айналдырады.

Астана – JCI аккредиттелген клиникалар саны бойынша Қазақстандағы көшбасшы қала. Бұл пациенттердің қауіпсіздігін, емдеу хаттамаларының стандартталуын, персоналға қойылатын жоғары талаптарды және рәсімдердің сапасын қамтамасыз етеді», - делінген әкімдік хабарламасында.

Астана – өңірдегі жүрек-қан тамырлары медицинасының жетекші орталықтарының бірі. Мұнда аса күрделі операциялардың барлық түрі жасалады, оның ішінде аз инвазивті араласулар, стенттеу, шунттау және туа біткен ақауларды түзету.

Серіктес жаңалықтары