ШҚО-да жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты (ВИДЕО)
Қайғылы оқиға Шемонаиха – Усть-Таловка автожолында болды
Шығыс Қазақстан облысында Toyota Corona Premio мен Toyota Hilux маркалы көліктер соқтығысп, салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қайғылы жол апаты 7 желтоқсанда Шемонаиха – Усть-Таловка автожолының 7-шақырымында болды.
«Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде Toyota Corona Premio көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты», – делінген хабарламада.
Адам өліміне әкелген жол апатына қатысты құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеуді бастады.
ШҚО полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды жолда жүру ережелерін сақтауға, жылдамдықты қауіпсіз деңгейде таңдауға және жолда барынша сақ болуыға шақырады.