Маңғыстау облысында жүкті әйелдер енді босанар кезде перзентханаға күйеуін кіргізе алмайды
Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы ресми мәлімдеме жасады
Маңғыстау облысында эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты шектеулер енгізілді, өңірде серіктестік босануға уақытша тыйым салынды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Тиісті шешімді санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы қабылдады.
Ведомство өкілдерінің айтуынша, мұндай шектеу өңірдегі жедел респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) бойынша сырқаттанушылықтың өсуімен байланысты.
«Бұл шара босану барысында аналар мен жаңа туған сәбилер арасында жұқпаның таралу қаупін азайту үшін енгізілді. Шектеу уақытша сипатқа ие және эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғаннан кейін қайта қаралады», – деп хабарлады санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы.