Карантинде әуе рейстері мен пойыз қатынасы тоқтамайды
Үкімет екі аптаға созылатын жаңа шектеу шараларын бекітті
Қазақстанда эпидемиологиялық ахуалдың өршуін және коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың өсуін ескере отырып, Мемлекеттік комиссия биылғы 5 шілдеден бастап 14 күнге карантин енгізді. Жаңа шектеу бойынша, халықаралық және өңірлік әуе қатынасы, теміржол қатынасы сақталады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
1. Елдер тізімін көбейтпей, халықаралық әуе қатынасын сақтау;
2. Өңірлер арасындағы әуе қатынасын, темір жол қатынасын сақтау (шектеулермен);
3. Өңірлер арасындағы жолаушылар автобусы қатынасын уақытша тоқтату;
4. Қоғамдық көліктің жұмысын уақыт бойынша шектеу.
Азаматтардың жүріп-тұруы бойынша:
1. Ойын-сауық, спорт және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу шараларын өткізуге тыйым салу;
2. Ашық ауада жаттығулар жасауға рұқсат ету;
3. Тұрғындардың көшелерде, саябақтарда, скверлерде 3 адамнан артық серуендеуін шектеу;
4. 65 жастан асқан адамдардың сыртқа шығуын шектеу.