02.07.2020, 13:05
Жаңалықтар
Карантинде ашық аспан астындағы дәмханалар жұмыс істей береді
Жұмысын жалғастыратын нысандар қатарында екінші деңгейлі банктер де бар
5 шілдеден басталатын 14 күндік карантинде бірқатар нысан жұмысын жалғастырады. Мұндай шешім бүгін Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Мемлекеттік комиссия отырысында қабылданды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.
Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, келесі нысандардың қызметі сақталады:
- ашық аспан астында қоғамдық тамақтану нысандары;
- үздіксіз өндірістік айналымы бар құрылыс, өнеркәсіп кәсіпорындары;
- ашық аспан астындағы құрылыс жұмыстары;
- ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы және мал шаруашылығы жұмыстары;
- халыққа қызмет көрсету салалары, оның ішінде авто жуу, автомобильдерді және тұрмыстық техниканы жөндеу, ХҚКО-лар, екінші деңгейлі банктер.
Алдын ала жазылу бойынша медицина орталықтарының, дәріханалардың, азық-түлік дүкендерінің, ашық базарлардың қызметі сақталады.
Еске сала кетейік, бүгін Мемлекеттік комиссия эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекіткен болатын.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды