29.11.2025, 21:54
Жаңалықтар
Астананың бірқатар нысанына қызғылт-сары түсті жарық жағылды (ФОТО)
Елорда жаһандық акцияға қолдау білдірді
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Астанада «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» жаһандық акциясын қолдау мақсатында қаланың бірқатар нысанына қызғылт-сары түсті жарық жағылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше қызғылт-сары түс – жылылықтың, үміт пен ынтымақтың белгісі.
«Ол әр адамның құқығын қорғау қажеттігін және кез келген зорлық-зомбылыққа жол бермеу идеясын алға тартады. Осы күндері елорданың маңызды нысандары ерекше жылы қызғылт-сары түске боялды», - деп жазылған хабарламада.
Әр нысан осындай маңызды мәселеге назар аудартып, көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге үндейді.
Көп оқылған
13.10.2026, 10:37
Зорлап, видеоға түсірген: Түркістанда ер адам қарындасын 12 адаммен қатынасқа түсуге мәжбүрлеген (ВИДЕО)
13.10.2026, 16:34
«Көтере алмайтын қайғы»: Каспийдегі трагедиядан аман қалған сарбаздың анасы қаралы күн жайлы айтты (ВИДЕО)
13.10.2026, 10:49
Ақтөбеде ер адам аулада отырған әйелдің арқасына пышақ сұғып, өлтіріп кетті (ВИДЕО)
13.10.2026, 14:50
Түркістан облысында ауыл тұрғындары 14 сарбаздың рухына арнап ас беріп, Құран оқыды (ВИДЕО)
13.10.2026, 13:58
Әнші Роза Рымбаеваның марқұм күйеуінің естелік суреті жарияланды
