$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.07.2020, 16:47
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев заңгер Айман Омарованы «Халық алғысы» медалімен марапаттады

Заңгер Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп жұмыс істеуде

Қасым-Жомарт Тоқаев заңгер Айман Омарованы «Халық алғысы» медалімен марапаттады

«Adal kómek» волонтерлік жобасын іске асырғаны үшін белгілі құқық қорғаушы Айман Омарованы Мемлекет басшысы «Халық алғысы» медалімен марапаттады. Заңгер аталған жобаны карантин уақытында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп жүзеге асырған.

Жобаның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ өмірлік маңызы бар мәселелерді шешуде халықтың әлеуметтік осал топтарына заңгерлік көмек көрсету болып табылады.

«Adal kómek» қоғамның әлеуметтік осал топтарына тегін кеңес беру үшін сарапшылық қауымдастықты біріктірген кең және ашық алаң құруға мүмкіндік берді. Жоба барысында волонтер-заңгерлер танымал әлеуметтік желілерде 1000 онлайн-кеңес өткізіп, азаматтардан келіп түскен 11 000-ға жуық проблемалық мәселелерді шешіп берді», - делінген Агенттіктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Жалпы, жоба іске қосылған сәттен бастап құқықтық ағартумен 893 000 азамат қамтылған.

Биылғы шілде айында Павлодар, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда және Алматы облыстарының тұрғындары үшін А. Омарованың онлайн-консультациясын өткізу жоспарланған.

Серіктес жаңалықтары