Шетелдіктерді енді көші-қон полициясында емес, шекарада тіркейді

Жарияланған:
31.10.2019, 09:27

Бұл елімізге келетін туристердің жан-жаққа сабылмай, уақыт үнемдеуіне мүмкіндік бермек

Фото: ашық дереккөзден

Ішкі істер министрлігі шетелдіктерді көші-қон полициясында тіркеуді тоқтату туралы президент тапсырмасынан кейін оны дереу орындауға кірісті, деп хабарлайды КТК арнасы. Енді Көші-қон қызметі шетелдіктерді шекарада тіркемек. Бұл елімізге келетін туристердің жан-жаққа сабылмай, уақыт үнемдеуіне мүмкіндік береді.

«Шекарадан өткен әрбір азамат енді шекарада тіркеледі. Бүгінде 57 ел мен жақын шетелдің 5 мемлекетіне ғана бес күннің ішінде тіркелу міндетті емес. Шекара тіркеу жұмысын іске қосуға жүйені жаңарту қажет. Шетел азаматын қарсы алған шекарашы Көшіқонды бақылау органдарына керекті мәліметті деректер базасына міндетті түрде енгізуі шарт», - дейді ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары Галина Сәрсенова.

Енді «Көші-қон туралы» заңға өзгерістер енгізіліп, міндетті тіркеудің мерзімі бес күннен отыз күнге дейін өзгертілмек. Елімізге келетін туристерге 30 күн жеткілікті болмаса, кез келген қонақ үй немесе хостел, электронды үкімет, көші-қон қызметі арқылы ұзартуға болады.

Алматы қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдіктерді тіркеуді мемлекеттік шекарада жүргізу керектігін айтқан еді.
 

Біздің ең маңызды және қызықты жаңалықтарды біздің Telegram-каналдан оқыңыз
Өзге де қызықты мақалалар
17 қарашаға ауа райы болжамы
Ғалымдар ұзақ өмір сүрудің құпиясын айтты
Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

Сұхбат
Ресейде 800-900 мың қазақ өмір сүріп жатыр деген мәлімет бар, кей дереккөзде 1,5 миллион деп жазылған
«Абайдың 45 сұрағына» Арыстанбек Мұхамедиұлы жауап берді 
Абайдың 45 сұрағына алғаш болып жауап берген - Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов
Бүгінде Кореяда жұмыс істеп жатқан қазақтардың саны артып келеді. Күнкөріс қамымен шетел асып барғандардың көпшілігі визасыз жұмыс істеп жүр.