31.10.2019, 06:01
Жаңалықтар
Қазақстанда соңғы 7 жылда 9 теракт болды – Бас прокуратура
Елімізде экстремистік және террористік бағыттағы қылмыс саны үш есе азайған
Фото: ашық дереккөзден
Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есептер жөніндегі комитетінің төрағасы Қайрат Жақыпбаев Қазақстандағы террористік актілер туралы айтып берді.
«Соңғы 7 жылда елімізде 9 лаңкестік актілер жасалды. Олар мемлекетке зардабын тигізгені сөзсіз. Статистика көрсетіп отырғандай, соңғы төрт жылда экстремистік және террористік сипаттағы қылмыстардың саны 35% азайған», - деді ол.
Комитет төрағасының айтуынша, бұған терроризмге қарсы кешенді шаралар, соның ішінде халықаралық серіктестік әсер еткен.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды