Қазақстанда ер адамдардың жартысынан астамы ішімдік ішеді - ДДСҰ

Жарияланған:
31.10.2019, 04:54

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанда ер адамдардың 44 пайызы темекі шегетінін, сонымен қатар 54 пайызы ішімдік ішетінін анықтаған

Фото: ашық дереккөзден

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының зерттеу мәліметін Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы жариялады.

 «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жүргізген зерттеулердің нәтижесінде Қазақстанда ер адамдардың 44 пайызы темекі шегетіні, 54 пайызы ішімдік ішетіні анықталды. Қазақстанда алкогольді тұтыну деңгейі - Еуропа аймағындағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Жастардың 57 пайыздан астамы (15-19 жас) соңғы 30 күнде бір уақытта 60 және одан да көп грамм ішімдік ішкен», - делінген орталықтың хабарламасында.

Орталықтың хабарлауынша, темекі шегу көрсеткішін төмендету үшін темекіге салынатын салықты көтеру керек. 

«ДДСҰ ұсыныстарына сәйкес, орташа және төмен кірісі бар елдерде алкогольге қарсы саясатқа қатысты ең тиімді шаралар алкогольдік ішімдіктерге акциздік салықты көтеру, алкогольді жарнамалауға тыйым салу немесе шектеулерді қабылдау және сақтау болып отыр», - делінген хабарламада.

Біздің ең маңызды және қызықты жаңалықтарды біздің Telegram-каналдан оқыңыз
Өзге де қызықты мақалалар
5 жылда Қазақстанға 130-дан астам адам экстрадицияланды – Тұрғымбаев
Сапарбаев: Біз жемқорлықтың барын ашық мойындауымыз керек
Ауыз су мәселесі ұлттық қауіпсіздік деңгейіне дейін теңестіріледі - БҰҰ

Сұхбат
Ресейде 800-900 мың қазақ өмір сүріп жатыр деген мәлімет бар, кей дереккөзде 1,5 миллион деп жазылған
«Абайдың 45 сұрағына» Арыстанбек Мұхамедиұлы жауап берді 
Абайдың 45 сұрағына алғаш болып жауап берген - Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов
Бүгінде Кореяда жұмыс істеп жатқан қазақтардың саны артып келеді. Күнкөріс қамымен шетел асып барғандардың көпшілігі визасыз жұмыс істеп жүр.