$ 518.68  600.27  6.58
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда эпиджағдайға байланысты 200 мыңға жуық оқушы онлайн оқып жатыр

Қазақстанда 2 млн-нан аса ЖРВИ жағдайы тіркелді

Қазақстанда эпиджағдайға байланысты 200 мыңға жуық оқушы онлайн оқып жатыр
Фото: istockphoto.com

Қазақстанда ЖРВИ өршуі салдарынан 10 мыңға жуық сынып уақытша онлайн форматқа ауыстырылды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Елімізде жедел респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмаудың күрт көбеюіне байланысты 9 898 сынып қашықтан оқуға жіберілген. Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, бұл сыныптарда 190 643 оқушы білім алады. Қашықтан оқу режиміне ел бойынша 652 мектептің жекелеген сыныптары көшкен.

Комитет өкілдері мектептердің толық жабылмағанын, тек аурушаңдық шегінен асып кеткенін, жекелеген сыныптар ғана онлайн форматқа ауыстырылатынын атап өтті. Шешімді аумақтық санитариялық дәрігерлер мен білім басқармалары бірігіп қабылдайды. Нормативке сай, жұқпалы кезеңде сынып оқушыларының кемінде 30%-ы ауырған жағдайда ғана дистанциялық оқуға рұқсат беріледі. Бұл талап бас санитариялық дәрігерлердің қаулыларымен бекітілген.

Эпидемиологиялық маусымның статистикасы алаңдатарлықтай болып тұр. Маусым басталғалы бері Қазақстанда 2 млн-ға жуық ЖРВИ жағдайы, сондай-ақ зертханалық расталған H3N2 Гонконг тұмауының 1 200-ден астам оқиғасы тіркелді. Бұл штаммның жоғары жұқпалылығы мен ауыр өтетіндігі мектептерде алдын алу шараларын күшейтуге себеп болған.

Серіктес жаңалықтары