$ 518.68  600.27  6.58
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкентте ер адам экс-әйелінен мәһір мен тойға жұмсалған шығынды қайтаруды талап еткен

Олардың ісі сотта қаралды

Шымкентте ер адам экс-әйелінен мәһір мен тойға жұмсалған шығынды қайтаруды талап еткен
Фото: istockphoto.com

Шымкент қаласының тұрғыны үйлену тойында сыйға берілген 2,4 млн теңгенің заттарын қайтармақ болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Шымкентте тойда сыйға берілген заттардың құнын өндіру туралы Ә. есімді азаматтың талап арызы бойынша азаматтық іс апелляциялық тәртіпте қаралды.

«Талапкердің айтуынша, жауапкер оған тойда сыйға тартылған, жалпы құны 2 435 000 теңге болатын заттарды қайтармай қойған. Ал жауапкер талапты мойындамаған. Шымкент қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты талапты қанағаттандырды.

Жауапкерден талап қоюшының пайдасына 2 435 000 теңге, өкіл қызметінің ақысы ретінде 100 мың теңге, сондай-ақ 24 350 теңге мемлекеттік баж өндіру туралы шешім шығарылды», – деп сот істің мән-жайын баяндады.

Алайда тараптар татуласып, соттық медиация тәртібімен дауды реттеу туралы келісімге келген. Келісім бойынша, талапкер өз талаптарынан бас тартады. Ал жауапкер оның өзінде қалған заттардың өтемі ретінде екі апта ішінде талап қоюшыға 200 мың теңге төлеуге міндеттеледі.

Серіктес жаңалықтары