$ 518.4  598.13  6.55
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Таза Қазақстан»: Алматының Жетісу ауданында Сейфуллин–Жансүгіров жолайырығын көгалдандыру жалғасып жатыр

Жолайырықтың айналасында қоғамдық кеңістіктерді кешенді көріктендіру толық аяқталды

«Таза Қазақстан»: Алматының Жетісу ауданында Сейфуллин–Жансүгіров жолайырығын көгалдандыру жалғасып жатыр
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматының Жетісу ауданында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында көгалдандыру және көріктендіру жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Ауданның мәліметінше, бүгінгі күнге дейін 800 түп көшет отырғызылды, сондай-ақ Сейфуллин–Жансүгіров жолайырығы маңында ірі көлемді ағаш егу жалғасып келеді. Жалпы, бұл аумақта 500 түп үйеңкі мен жөке отырғызылады, деп хабарлайды Azattyq Ryhy

Жолайырықтың айналасында қоғамдық кеңістіктерді кешенді көріктендіру толық аяқталды. Жалпы аумағы – 3,4 гектар. Мұнда 30,4 мың шаршы метр аумақ көгалдандырылып, 5,8 мың шаршы метр кеспе тас төселді, суару жүйесіне арналған жеті ұңғыма бұрғыланды және 3,5 гектарға автоматты суару жүйесі орнатылды. Бұдан бөлек, 14 мың бұта, 192 ағаш және 2 400 гүл егіліп, екі альпілік төбе жасалды.

Жалпы алғанда, биыл Жетісу ауданында ағаш егу жоспары толық орындалды — барлығы 1 300 көшет отырғызылды. Барлық жасыл желекке тиісті күтім жасалады, ал қураған ағаштардың орнына дереу сау ағаштар егіледі.

Серіктес жаңалықтары