$ 525.87  614.37  6.72
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.05.2025, 11:42
Қаржы

Шетелден кіретін мәдени құндылықтың құны 1 млн теңгеден асса, бақыланады

Қазір бұл операциялардың шегі – 45 млн теңге

Шетелден кіретін мәдени құндылықтың құны 1 млн теңгеден асса, бақыланады
Фото: newsmir.info

Қазақстанда мәдени құндылықтарды елге әкелу не әкету жөніндегі операциялардың шегін 45 млн теңгеден 1 млн теңгеге дейін төмендету ұсынылып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл норма «Кейбір заңнамалық актілерге қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» заң жобасында қаралған.

Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесовтің айтуынша, ақшамен және өзге мүлікпен жекелеген операциялар жөніндегі шектер қайта қаралады.

«Мәдени құндылықтарды қолма-қол ақшамен сатып алу (сату), мәдени құндылықтарды Қазақстанға әкелу не Қазақстаннан әкету жөніндегі операциялардың шегін 45 млн теңгеден 1 млн теңгеге дейін төмендету ұсынылады», - деді ол Мәжілістің жалпы отырысында.

Сонымен қатар, сомасы 5 млн теңгеге тең немесе одан асатын цифрлық активтермен жасалатын операциялар да енді қаржылық мониторингке жатады.

Серіктес жаңалықтары