$ 512.83  600.58  6.36
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.12.2025, 09:00
Қаржы

Астанада «BCC Scholarship» бағдарламасының стипендиаттары марапатталды

ENU-да «BCC Scholarship» бағдарламасының стипендиаттарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті

Астанада «BCC Scholarship» бағдарламасының стипендиаттары марапатталды
Фото: endowmentenu.kz

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Банк ЦентрКредит тарапынан тағайындалған «BCC Scholarship» білім беру бағдарламасының стипендиаттарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Стипендиялық бағдарлама ЕҰУ-дың экономика факультетінің талантты студенттерін қолдауға бағытталған.

Конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша ЕҰУ экономика факультетінің мына студенттері «BCC Scholarship» бағдарламасының стипендиаттары атанды:

  • Сапарбек Ұлжан Диасқызы, 4 курс;
  • Кенжебаева Альбина Ришатқызы, 4 курс;
  • Амиш Ардах, 3 курс.

Жобаның ұйымдастырушысы – ENU Endowment Fund. Қордың қолдауының арқасында қазіргі уақытта 50-ден астам студент стипендияға, ал 40-қа жуық студент грантқа ие болды.

ENU Endowment Fund дарынды студенттерді қолдағаны, білім беру бастамаларын дамытуға қосқан үлесі және елдің болашағына салған инвестициялары үшін Банк ЦентрКредитке шынайы алғысын білдіріп, стипендиаттарды құттықтады және оларға алдағы оқу жолында толағай табыстар тіледі.

Серіктес жаңалықтары