$ 505.53  593.44  6.34
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 17:15
Қаржы

31 желтоқсанда доллар бағасы күрт қымбаттады

KASE-де доллар бағасы күрт қымбаттап, айырбас бағамы 505 теңгеден асты

31 желтоқсанда доллар бағасы күрт қымбаттады
Фото: © freepik.com

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 31 желтоқсандағы доллардың ресми бағасы 502,57 теңге.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауданың қорытындысы бойынша доллардың орташа бағасы 3,02 теңгеге көтеріліп, 505,53 теңге болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағасы 510,54 теңгені құраса, долларды сатудың бағасы 515,92 теңгені құрап отыр. Астанадағы ақша айырбастау орындарында долларды орташа есеппен 509,56 теңгеден сатып алып, 516,56 теңгеден сатуда. Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында доллар орта есеппен 510,12 теңгеден сатып алынып, 513,07 теңгеден сатылуда.

Естеріңізге сала кетейік, 22 желтоқсандағы күндізгі сауданың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағасы 2,55 теңгеге, 23 желтоқсанда 4,98 теңгеге төмендесе, 24 желтоқсанда 0,88 теңгеге, 25 желтоқсанда 1,34 теңгеге қымбаттап, 26 желтоқсанда 7,44 теңгеге арзандаса, 29 желтоқсанда 0,52 теңгеге өсті. Ал 30 желтоқсанда 1,58 теңгеге арзандады.

 

 

Серіктес жаңалықтары