$ 503.89  587.54  6.48
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 12:00
Қаржы

180 күнге дейін пайызсыз: ЦКБ-ның жаңа кредиттік картасы

180 күнге дейін пайызсыз: ЦКБ-ның жаңа кредиттік картасы
Фото: ЦентрКредит Банкі

ЦентрКредит Банкі #180 кредиттік картасын іске қосты. Бұл карта ірі сауда үшін де, күнделікті шығындар үшін де ыңғайлы. Мұнымен қоса қарыз қаражатын 180 күнге дейін пайызсыз пайдалануға мүмкіндік береді.

Картаның басты артықшылығы – алғашқы затты сатып алған күннен бастап барлық қолма-қол емес операцияларға жарты жылға дейін созылатын жеңілдік кезеңінің берілуі. Қарыз толық өтелгеннен кейін бұл кезең қайта жаңарып отырады, осылайша пайдаланушылар үнемі пайызсыз лимитке қол жеткізе алады.

«Клиенттер қолданыстағы карталар бойынша жеңілдік мерзімін ұзарту мүмкіндігі туралы жиі сұрайтын. Сондықтан сіздерге жаңа әрі толық цифрлық өнімді ұсынып отырмыз. #180 картасы ірі сауда үшін де, күнделікті төлемдерге де жарамды. Ал bcc.kz қосымшасындағы онлайн-көмекші жеке бюджетке талдау жасап, жоспарлауға қолдау көрсетеді. Пайдаланушылар үшін мүмкіндіктер бұдан да көп болды», – деді  ЦентрКредит Банкінің вице-президенті Жұлдыз Қайыржанова.

#180 картасының негізгі мүмкіндіктері:

  • қолма-қол емес төлемдерге арналған жеңілдік мерзімі – 180 күнге дейін;
  • кредиттік лимит – 3 000 000 теңгеге дейін;
  • картаны шығару және қызмет көрсету – тегін;
  • ай сайынғы ең төменгі төлем – негізгі қарыздың 5%-ы;
  • картаны рәсімдеу – bcc.kz мобильді қосымшасы арқылы;
  • жылдық тиімді мөлшерлеме (ЖТСМ): 29,90%-дан 37,85%-ға дейін (барлық комиссияларды есептегенде – 34,95%-дан 45,96%-ға дейін);
  • қолма-қол ақша шығару: ЦКБ банкоматтарында – 500 000 теңгеге дейін, басқа банк банкоматтарында – 300 000 теңгеге дейін комиссиясыз; кейін – 1,5% + 300 теңге. Кредиттік лимитті пайдалану кезінде – 3,9% + 390 теңге.

Карта туралы толық ақпаратты сілтемеден өтіп көруге болады.

ЦентрКредит Банкі күнделікті қажеттіліктерге арналған заманауи шешімдерді ұсынып, қаржылық және цифрлық сервистердің ашық экожүйесін дамытып келеді.

ҚНРДА 03.02.2020 ж. берген №1.2.25/195/34 лицензиясы.

Серіктес жаңалықтары